Аустрия және Норвегия ұлттық құрамаларына қарсы матчтарға шақырту алған қазақстандық футболшылардың нақты тізімі жарияланды.
Нақты тізімге 27 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 11 қараша күні Алматыда басталады.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Мейрамбек Қалмырза, Асхат Балтабеков (екеуі де – «Жетісу»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де – «Ордабасы»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Аслан Дарабаев («Елімай»), Эльхан Астанов («Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Ғалымжан Кенжебек («Акритас», Кипр);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Жан Әли Пайруз («Елімай»);
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 14 қарашада Станислав Черчесовтың командасы Аустриямен кездеседі. Ойын Алматының Орталық стадионында өтеді. Басталуы 20:00-де.
Үш күннен кейін біздің команда Норвегияға қарсы сырт алаңда матч өткізеді. Ойын Осло қаласында «Уллеволь» стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 22:00-де.
Фото: kff.kz