Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ДЕНИСТІ ӨЛТІРГЕНДЕР ЖАЗАЛАНДЫ

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты үкім шығарды.

Тергеу барысында үш айыпталушы да кінәлі деп табылып бас бостандығынан айрылды.

Атап айтқанда, Судья Кеңшілік Әбілдинов ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімінің 2 тармағы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімінің 1,4-тармақтарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған Арман Құдайбергеновті  18 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге үкім етті. Нұралы Қиясов болса  ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен айыпты деп табылды. Сот оны да он сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

Үшінші айыпталушы Жанар Толыбаева төрт жылға сотталды.

Естеріңізге салсақ, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді өткен жылдың 19 шілдесінде белгісіз біреулер пышақтап кеткен болатын. Кейін белгілі болғандай пышақтағандар көлік айнасын ұрлауды дағдыға айналдырған ұрылар болып шықты. Денис алған жарақат салдарынан көп қан жоғалтып ауруханаға жеткізілгенімен дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда жыл сайын онкологиядан 300 науқасты емдейтін орталық ашылады

bairakkz

#САЙЛАУ2023

bairakkz

ШЕТЕЛ. ЖЕТІСУЛЫҚ ЖУРНАЛИСТ ТҮРКИЯДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

bairakkz