Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Динара Сәтжан алаяқтың құрбаны болғанын айтты

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан facebook-парақшасында алаяқтың құрбаны болғанын айтты.

Динара Сәтжан алаяқтарға кез келген адам алданып қалуы мүмкін екеніне көзі жеткенін жазды.

«Алаяқтар жылы. Мен адамдарды жақсы танитыныма 100% сенімді едім. Алдымда тұрған адамның қандай екенін түсіну үшін маған 10 минут жеткілікті деп ойлайтынмын. Бұлай сенімді болуға болмайды. Қандай сақ адам болсаң да, алаяқтың құрбаны болуың мүмкін. Мен жалғыз емеспін. Соңғы кездері достарымнан оларды алдап кеткені, жақындарының өзі сатып кеткені жайлы оқиғаларды көп естідім. Кинопродюсерлер, стилистер, байерлер, фотографтар. Ешкім алаяқтардан сақтандырылмаған», — дейді жүргізуші.

Динара Сәтжанның айтуынша, алаяқтар танымал адамдардың ортасында жүріп, олармен суретке түсіп, өзіне жақсы «портфолио» жасайды.

«Олар эмоцияңмен «ойнайды», керемет нәтижелерді уәде етеді. Өзіне портфолио жасап, сіздің араласатын ортаңызда жүреді. Әдетте, олардың инстаграмында танымал әлі беделді адамдармен түскен суреттер болады. Олардың ісі сол: суретке түседі, басқаның ақшасын жұмсайды және жаңа құрбан іздейді. Шулы жерде әрекет етеді. Төлемді үнемі асықтырады. Онымен тек маңызды адамдар жұмыс істейтінін айтады. Тездетіңіз, әйтпесе қазір бәрін жоғалтып аламыз дейді», — деп жазды ол.

Сәйкес жаңалықтар

Военнослужащий-герой из Талдыкоргана отдал свой голос на выборах

bairakkz

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

bairakkz

«ЖЫЛДА ДАУЫСТЫ ҮЙДЕН БЕРЕТІНМІН»: КӨЗІ КӨРМЕСЕ ДЕ САЙЛАУҒА КЕЛДІ

bairakkz