Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Дінмұхамед Қонаевтың 107 жылдығына орай

 

          Дана да дара тұлға Дінмұхамед Қонаев атамыздың туған күніне орай жылда ұйымдастырылатын шара биыл ерекше болды. Грек-рим күресінен өткізіліп отырған жарысқа облыс деңгейінен Алматы қаласынан, Жамбыл ауданынан, «Шаңырақ» спорт мектебінен, өңіріміздің барлық ауылынан 230 спортшы қатысты.

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ауданнан келген құрметті қонағымыз аудандық мәслихаттың депутаты Өмірәлі Исабаев, ауыл әкімі Ербол Шөбеев және де бір топ ауыл азаматтары  Д. Қонаев атамыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ауыл ақсақалы Диханбай Құлтаев атамыз жас палуандарға өзінің ақ батасын берді. Осылайша жарыс басталып кетті. Әр жерден келген жас спортшылар өз өнерлерін бозкілемде ерекше көрсетіп, жігерлік танытты. Атамыздың әруағына арналып Құран бағышталып, ас берілді. Жамбыл облысынан осы шараға арнайы қонақ болып келген әнші Бақыт Шағырбаев Димаш атамыз жайлы әндерімен жиылған халықты бір сусындатты.

Ауданымыздың спортшылары өздерінің мықтылықтарын  көрсетіп, бапкерлерінің үкілеген үміттерін ақтай білді. Командалық есеп бойынша Бақанас спорт мектебінің командасы І орынға ие болды, ал ақдалалық спортшылар ІІ орынды жеңіп алды. ІІІ орынды Жамбыл ауданынан келген спортшылар иеленді.

Осылайша Димаш атамыздың туғанына 107 жыл толуына орай өткізілген Грек-рим күресінен жарыс қорытындыланып, жүлдегер командалар мен жекелей спортшыларға Мақтау қағаздары мен заттай сыйлықтар табыс етілді.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

ШАҢҒЫ ҚОССАЙЫСЫ

bairakkz

Выборы 2023

bairakkz

БИАТЛОН: КІМДЕР ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ?

bairakkz