Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Әлем

Дональд Трампты кім атқаны анықталды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлау науқаны аясында Пенсильванияда сөйлеген сөзінде оған оқ атылып, саясаткер құлағы қанаған күйі сахнадан кетуге мсәжбүр болды, деп хабарлады bairak.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың бұрынғы президентінің Батлер қаласындағы өз жоқтастары алдында сөйлеген сөзі небәрі бірнеше минутқа созылды. Саясаткер заңсыз көші-қон проблемалары туралы айтқан кезде күтпеген жерден сөзін үзіп, үнсіз қалды. Кенеттен атыс естіліп, Трамп құлағын қолымен басқан күйі мінбер артына отыра кетті», — деп жазылған материалда.

Бірнеше минуттан кейін оққағарлары Трампты қоршаған күйі оны іс-шара аумағынан алып кетті. Куәгерлер экс-президенттің құлақ тұсы қан екенін байқаған.

Кейіннен Дональд Трамп құлағынан жараланып, көп қан жоғалтқаны және Пенсильвания штатындағы ауруханалардың бірінде ем алғаны белгілі болды. Трамп қазір ауруханадан шығарылып, оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

New York Post басылымы жазғандай, митинг кезінде оқ атқан 20 жастағы Томас Мэтью Крукс екені анықталды. Ол сахнадан 100 метрдей жерде орналасқан кәсіпорынның төбесінде жасырынып, жоспарын іске асырған.

Осы оқиғаға қатысты әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлер пікір білдіріп, мұндай қастандықты қатаң сынға алатындарын жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Жапония премьер-министрі отставкаға кетеді

bairakkz

Медицина бойынша Нобель сыйлығын кімдер алғаны белгілі болды

bairakkz

Трамп ресми түрде президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

bairakkz