Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

ҚР Парламенті «ҚР Спорт және дене шынықтыру туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар туралы» заң жобасын екі оқылымда-ақ қабылдады. Заң жобасы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, Ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесін күшейтуге бағытталған. Бұл туралы «Qsport.kz» сайты жазды.

Қолданыстағы заңнамаға допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, атап айтқанда, спортшыға допинг тағайындаған адамдарға қатысты әкімшілік жауапкершілікті енгізу қажеттілігі туындады, ол 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жазаны көздейді. Сонымен қатар, допингті пайдаланғаны үшін Заң жобасында:

— дисквалификация;

— спортшының спорттық нәтижесін жою және біліктілік ұпайларын немесе балдарын алып тастау;

— ақшалай көтермелеуді қайтару;

— спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуді тоқтату;

— спортшыларға, жаттықтырушыларға және клуб командаларының басшыларына ай сайынғы ақшалай қамтуды тоқтату;

— спорттық атағынан айыру;

— Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы және жүлдегері тұрғын үйді пайдалану шартын бұзу;

— спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының құрамынан спортшыларды, жаттықтырушыларды шығару мәселелері қаралған.

Заң жобасында Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне 10 жыл мерзімге жалға беру үшін тұрғын үй беру, допинг-тестілерді сақтау мерзімі 10 жыл болуына байланысты осы мерзімге аталған тұрғын үйді иеліктен шығаруға тыйым салу көзделген. Егер осы кезеңде сынамаларда допинг анықталмаса, тұрғын үй спортшының меншігіне берілетін болады.

Бұл ретте Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері болып табылатын ҚР спортшысы қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда допингтік сынаманың нәтижесіне қарамастан қайтыс болған (қаза тапқан) мұрагерлерінің тұрғын үйді өтеусіз алуы көзделген.

Жыл сайын Ұлттық допингке қарсы орталық 3000 биосынама алу жүргізеді. 2013 жылдан бастап жұмыс істеу кезеңінде қазақстандық спортшылардың допингті қолдануының 307 оқиғасы анықталды.

2019 жылдың 10 айында допингке қарсы ережелерді бұзудың 37 оқиғасы тіркелді.

Сәйкес жаңалықтар

ЖАУЫНГЕРЛЕР ДОП ТЕПТІ

bairakkz

«Бекзат Саттархановтың өлімі сабақ болу керек еді». Амалбек Тшанов боксшыларға ренішін білдірді

bairakkz

Бекман Сойлыбаевтың жекпе-жегін ESPN арнасы көрсетеді

Ришат