Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Енді eGov Mobile арқылы газға қосылуға болады

Енді eGov Mobile мобильді қосымшасымен жеке үйді газға қосуға болады, деп хабарлайды bairak.kz.

Жеке үй иелері табиғи газға қосылудың техникалық шарттарын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайнда ала алады. Қызмет «QazaqGaz Aimaq»АҚ тұтынушыларына қолжетімді және жеке тұлға үшін тегін ұсынылады.

Ол үшін пайдаланушы қосымшада көрсетілген барлық жолды толтырып, мүлікке қатысты мәліметтерді растауы қажет.
Өтінім дұрыс толтырылған жағдайда, техникалық шарт беріледі.

Ол техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 жұмыс күні, күрделі объектілер үшін 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Сәйкес жаңалықтар

Депутаттар Балқаш көліне апаратын жолдың жаңғырту жұмыстарымен танысты

bairakkz

Қырғыз музыкантын азаптаған полицейлер жазасыз қалмады

bairakkz

Алматыда жанармай бекетіне 3 млн теңгеге айыппұл салынды

bairakkz