Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

«Енді «Штрафстан» деп айтпаймын». Перуашев Тоқаевтың ескертуінен кейін өкінді

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев елімізді «Штрафстан» деп айтқан сөзіне өкінетінін жеткізді, деп хабарлайды bairak.kz.

Депутат өз пікірін президент Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында «елге әртүрлі лақап ат тағу – ақылға сыймайтын әрекет» деген сөзінен кейін күрт өзгерткен.

Иә, мен Президентпен толықтай келісемін. Расында да біз өз елімізді, мемлекетімізді сыйлауымыз керек. Әсіресе, шетелдік инвесторлар мен туристерді шақырғанда елімізді жамандау үшін шақырып отырған жоқпыз ғой. Сондықтан Президенттің сөзі өте орынды. Өте дұрыс. Әрі қарай да сол жолдан таймауымыз керек. Парламентте сөз сөйлеген кезде біз ресми тілді қолдануға міндеттіміз. Сондықтан сабақ болсын. Мен ол жерде терминді пайдаланғаным дұрыс болмады. Оны мойындап отырмын. Ал негізгі көзқарасым сол баяғыдай, — деп айтты ол кулуарда.

Фото:parlam.kz

Сәйкес жаңалықтар

«Барыс» қатарынан бесінші матчта жеңілді

bairakkz

Шавкат Рахмонов АҚШ-қа аттанды

bairakkz

«Проблемаңды ешкімге айтпа». Сәкен Майғазиев оқырмандарына кеңес айтты

bairakkz