Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Фируза Шарипова, Әли Ахмедов және өзге де боксшылар Алматыда ашық жаттығу өткізді

Қазақстандық боксшы қыз Фируза Шарипова «питбуль» лақап атымен танылған бельгиялық Джемиля Гонтарюкке қарсы жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізді, — деп хабарлайды Vesti.kzтілшісі.

Жекпе-жек 30 желтоқсанда Алматыда өтеді, оған екінші жартылай салмақтағы IBO және WBC Silver белбеулері тігілген.

Сонымен қатар, ашық жаттығуға осы бокс кешінде жұдырықтасатын Әли Ахмедов, Ержан Залилов, Әли Балоев та қатысты.

«Алматы Аренада» бұл бокс кешіне билеттерді кассадан немесе ticketon.kz, kassir.kz, zakazbiletov.kz сияқты интернет-операторлардан алуға болады.

Еске салайық, Шарипова — Гонтарюк жекпе-жегі тіклей эфирде көрсетіледі. «Хабар» арнасындағы трансляция Астана уақыты бойынша 23:00-де басталады.

Сәйкес жаңалықтар

Айдар Шәрібаев — Карлос Падилья жекпе-жегінің өтетін уақыты белгілі болды(видео

Ришат

Балжан Бидаш Балиде Өктем Алтайдың ұлымен бірге жүр

bairakkz

Жұмыс істеуден бас тартқандарға заңды қатаңдату керек – министр

bairakkz