Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Франция АҚШ-тан Бостандық мүсінін қайтаруды талап етті

Еуропарламент депутаты Рафаэль Глюксманн Place publique партиясының съезінде АҚШ-қа Бостандық мүсінін Францияға қайтару туралы талап қойды, деп хабарлайды bairak.kz Аfp.com-ға сілтеме жасап.

Біз сіздерге бұл мүсінді сыйға тарттық, бірақ сіздер оған лайық емес сияқтысыздар», – деді Глюксманн.

Сонымен қатар ол өз сөзінде АҚШ-тың Ресеймен қарым-қатынасын сынға алып, Украинаны қолдайтынын білдірді. Сондай-ақ бұрынғы президент Дональд Трамптың бірқатар шешімдерін айыптады.

AFP Бостандық мүсінінің АҚШ-қа қоныс аударған миллиондаған иммигранттар үшін үміт пен жаңа өмірдің символына айналғанын атап өтті.

Бостандық мүсінін француз мүсінші Огюст Бартольди жасап, 1886 жылы 28 қазанда АҚШ-қа сыйға тартқанын айта кеткен жөн.

Фото: Stefano Garau / Shutterstock

Сәйкес жаңалықтар

Ғани Бейсембаев еліміздегі сапалы білім беру мәселесін қозғады

bairakkz

Швейцария Өзбекстанға Гүлнара Кәрімованың активтерін қайтаратын болды

bairakkz

Астанада полицей жаттығудан кейін көз жұмды

bairakkz