Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова сапардан келгенде келіндерінің істеген тамағына қарап өзін қаншалықты сағынғанын білетін көрінеді, деп хабарлайды bairak.kz.
Продюсер өзін жылы қабақпен күтіп алған кіші келініне алғысын жаудырды.
Жылы ұяңның қадірін білу үшін ұзақ жолға шық. Келіндеріме әзілдеп «егер мені шын сағынсаңдар, арнайы не дәм дайындадыңдар, қалай сағынғандарыңды дастарханға қарап білетін боламын» деп айтқан болатынмын. Әзірге қолдан ыстық нан, бауырсақ, шаға қолдың сүтінен бастап, салаттарға дейін өз қолдарымен дайындап күтіп жүр. Лайым осы қалпынан таймасын деп тілейік. Күлімдеп келінің жылы қабақпен күтіп жатса, үйдің шамшырағы емей немене?! Келінжан, ата-енеге деген құрметің өзіңе еселеп қайтуын нәсіп етсін, Индира, деп жазды ол Instagram stories-те.
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova