2018 жылы әлем чемпионатында «А» тобының бірінші дивизионында Словения, Италия, Қазақстан, Польша, Венгрия және Ұлыбритания құрамалары ТОП-дивизионына екі жолдама үшін күресетін болады.
Жоғары дивизионнан Словения мен Италия бірінші дивизионға бір саты төмендеп қалса, ал Ұлыбритания «В» тобынан бірінші дивизионға көтерілген еді. Әлем чемпионатының өткізілетін орны мен мерзімі кейінірек белгілі болады. Әлемдік дода еліміздің астанасында өтуі мүмкін.