Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Қарағанды облысында мешіт өртеніп кетті

Қарағанды облысы Томар ауылындағы мешітте 6 қаңтар күні өрт болды, деп хабарлайды bairak.kz.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 165 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға кезінде мешіттің шатыры, терезелері және есіктері толығымен жанып кеткен. Өрт салдарынан ғимараттың аралық қабырғалары құлаған.

Бақытқа орай, оқиға кезінде зардап шеккендер болмады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Төтенше жағдайлар қызметі өртті дер кезінде ауыздықтауға тырысты, алайда ғимарат айтарлықтай зақымдалды. Жергілікті тұрғындар бұл мешіт ауылдың рухани орталығы болғанын айтты.

Фото: әлеуметтік желі

Сәйкес жаңалықтар

Балжан Бидаш оқырмандарын ойландырып қойды

bairakkz

Приближающий светлый праздник Наурыз принесет с собой не только весеннее обновление.

bairakkz

Жетісудың сайлаудағы бейнесі

bairakkz