Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Тоқаев Дархан Сатыбалдыны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарын қабылдады, деп хабарлайды bairak.kz.

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.

Фото: Ақорда

Сәйкес жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жаңа оқу жылына қатысты кеңес берді

bairakkz

Мемлекет басшысы туризм және спорт министрін қабылдады

bairakkz

Кәрім Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты тың дерек жарияланды

bairakkz