Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді. Президент әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Еске сала кетейік, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.

2022 жылғы референдум қорытындысы бойынша Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін Парламент Мәжілісі депутаттарының 70% – ы партиялық тізімдер бойынша, ал 30% — ы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Осылайша, алдағы сайлауда партиялық тізімдер бойынша Мәжілістің 69 депутаты және бір мандатты аумақтық округтер бойынша 29 депутат сайланады. ҚР Парламенті Мәжілісінің 8-шақырылымы бойынша 98 депутат сайланады. Сайлауға қатысуға жеті саяси партия жіберілді.

 

Сәйкес жаңалықтар

«Әруаққа тағзым» іс-шарасы өтеді

bairakkz

Қарашоқылық жапырағы жайылған үлкен әулет сайлауға белсене қатысты

bairakkz

ТАРАЗДА ТОПЖАРҒАНДАР

bairakkz

Пікір жазу