Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Қазақ елінің бокс сүйер қауымы үшін жақсы жаңалық!

Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтың чемпиондық белбеу үшін жекпе-жегі отандық арналардың тікелей эфирінен көрсетіледі.

26-шы қаңтар күні Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде, отандасымыз Садриддин Ахмедов (6-0, 6 КО) жастар арасындағы WBC чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

20 жастағы Садриддин Ахмедовтың қарсыласы 22 жастағы мексикалық боксшы Абрахам Хуарес (12-1, 4 КО) болады. Бірінші орта салмақ дәрежесінде өтетін жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Қазақстанда Астана уақыты бойынша 27-ші қаңтар күні, таңғы сағат 08:00-де отандық «Qazaqstan» және «QazSport» арналары жекпе-жекті тікелей эфирден көрсетеді.

Айта кетейік, әуесқой бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионы Садриддин қазақстандық боксшылардың арасында, кәсіпқой бокста 21 жасқа дейін жастар арасындағы WBC чемпиондық белбеуіне таласуға мүмкіндік алған бірінші боксшы болмақ.
Отандасымызға қолдау көрсетейік! Бұйыртса, тарихи сәттің куәсі болайық!

Материал : dodasport.kz сайтынан

Сәйкес жаңалықтар

TOUR of ZHETYSU чемпиондары

bairakkz

#САЙЛАУ2023

bairakkz

AFC ПРОМОУТЕРЛІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТУРНИР ӨТКІЗУДЕГІ БАСТЫ МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ

Ришат

Пікір жазу