Аралас жекпе-жектен(ММА) Бахрейнде өткен әлем чемпионатында Қазақ құрамасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Қазақстан ММА федерациясы.
15 спортшысын апарған біздің команда қиын қарсыластармен кездесіп, теңдессіз өнер көрсетті. Атап айтқанда қыздар арасында 52, 2 кг салмақта Аян Тұрсын, ерлер арасында 61, 2 келіде Дінислам Жетпісов үшінші орын иеленсе, 56,7 және 61, 2 келіде Ерназ Мұсабек пен Олжас Молдағалиев күміспен күптелді. Жалпы IMMAF рейтингі бойынша үздік үштік қатарында тұр. Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясы аясында ел командасының алғаш қатысып тұрғанын ескерсек, бұл тамаша нәтиже болып саналады.