Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Қазақ тілінде мультфильмдер жасауға 350 миллион теңге бөлінеді — Асхат Аймағамбетов

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Мәжілісменнің айтуынша, қазақ тіліндегі мультфильмдер өте аз, ал YouTube сияқты қолжетімді платформаларда мүлде жоқтың қасы. Бүгінгі күні бұл үлкен мәселе, өйткені балалар теледидардан гөрі интернет пен YouTube-ты көбірек таңдайды. Балалар “Синий трактор” мен “Маша и Медведь” сияқты мультфильмдермен шектелмей, сапалы әрі қызықты қазақша мультфильмдерді көруі тиіс.

«Осы мақсатта, келесі жылдың бюджет жобасын қарастыру барысында, қазақ тіліндегі мультфильмдер жасауға 350 миллион теңге бөлуді және олардың тек теледидарға емес, міндетті түрде интернетке, соның ішінде YouTube-қа жүктелуін қамтамасыз ететін норманы заңға енгіздік. Бұл балалардың қазақ тілінде қызықты контентке қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді деп сенеміз», — деп жазды депутат.

Контент сапасын арттыру қажеттілігі

Асхат Аймағамбетов қазақша балалар контентін жасауда белгілі бір қиындықтар бар екенін де атап өтті. Мәселен, “Балапан” телеарнасының контент жасаушыларға төлейтін қаражаты өте аз болғандықтан, олар тек қазақ тілін қолдау мақсатында жұмыс істеп, көбіне волонтер сияқты әрекет етеді. Сондықтан, осы бюджет арқылы бөлінген қосымша қаражат қазақша контенттің сапасын арттыруға ықпал етеді деп сенеміз.

Депутат тақырыпты ғылыми зерттеу қажеттілігіне тоқталды.

«Жалпы, балалар арасында қазақша контентті тұтыну бойынша сапалы ғылыми зерттеу жүргізу қажет. Осыған байланысты Ғылым министрлігіне тиісті ұсыныс жасадық. Сонымен қатар, әлемдік хит мультфильмдерді де мемлекеттік тілге аударып, YouTube-қа жүктеу маңызды. Бұл үшін авторлық құқық иелерімен ауқымды жұмыс қажет. Әзірге бұл мәселе толық шешілген жоқ, бірақ алдағы уақытта осы бағытта жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз», — дейді ол.

Сәйкес жаңалықтар

Хорватия көш бастады

bairakkz

Қазақ күресінен Алматыда республикалық ашық турнир өтеді

Ришат

БОКСШЫ ҚЫЗДАР СЕРБИЯДА

bairakkz