Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстан дзюдошылары Чехияда жаттығып жатыр

Қазақстан дзюдошылары Чехияның Нимбурк қаласында басталған халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр, деп хабарлайды bairak.kz.

Чехиядағы жаттығу орталығына 36 ұлттық құрама атынан 595 дзюдошы жиналған. ҰОК мәліметінше, біріккен оқу-жаттығу жиындарына құраманың қатарындағы көптеген көшбасшы барған.

Оның ішінде Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева, Данияр Шамшаев, Есмигүл Куюлова және басқа да спортшылар бар.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Аустрияның Линц қаласында өткен Гран-при турнирінде белдескен болатын. Бұл бәсекеде Қазақстан бір медаль жеңіп алды. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абиба Әбужақынова чемпион атанды.

Сондай-ақ, еліміздің ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменовтің қызметінен кеткені айтылды. Оның орнына ресейлік Роберт Мшвидобадзе құрама тізгінін қол алған деген мәлімет тарады.

Фото: Дзюдо федерациясы

Сәйкес жаңалықтар

“Астана“ мен “Атырау“ футболшылары төбелесті

bairakkz

Израиль СІМ: БҰҰ бітімгерлеріне жасалған соққы кездейсоқ

bairakkz

QJ League балғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады

bairakkz