Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды bairak.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.

Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың деңгейіне толық сай келетінін жеткізді.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады.

Сондай-ақ, алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін талқылады.

Фото: Ақорда

Сәйкес жаңалықтар

Бектенов Қарағандыдағы апатқа кінәлілер жазаланатынын айтты

bairakkz

Тоқаевтың шақыруымен елімізге Ресей Президенті Владимир Путин келеді

bairakkz

Оралда әйел бұрынғы күйеуін өлтіру үшін 2 миллион теңгемен адам жалдаған

bairakkz