Токио Олимпиадасы қарсаңында дзюдодан алғаш рет аралас командалық сын бойынша іріктеу жарыстары өтеді. Жарыс қожайыны Жапония дзюдошылары автоматты түрде Олимпиадаға қатысса, одан бөлек, 10 мемлекет іріктеу сындарына қатысу құқығын алды. Нақтылай түсетін болсақ, аралас командалық турнирге Бразилия, Канада, Куба, Қазақстан, Франция, Германия, Венгрия, Нидерланд, Ресей және Оңтүстік Корея спортшылары дайындалуда. Командалық сында дзюдошылар алты салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Қыздар 57, 70, +70, ерлер 73, 90, +90 келі.
Алдыңғы
Келесі