Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ — МИХАЛ БИЛЕК

        Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне чехиялық маман Михал Билек тағайындалды. Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Станимир Стойлов өз еркімен қызметінен кеткен.

Михал Билек бапкерлік қызметін «Теплица» клубында бастаған. Сондай-ақ өз елінде «Фастава Злина», «Хмел», «Виктория Пльзень», «Спарта» және «Высочина» клубтарында бапкер болған. Коста-рика елінің «Картахинес», словакиялық «Ружоберок», грузиялық «Динамо» клубтарында бас бапкер болғандығы белгілі. 2002-2003 жылдары Чехияның он тоғыз жасқа дейінгі құрамын жаттықтырып Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған. 2009 жылы Чехия құрамасының тізгінін ұстап бұл қызметті төрт жыл атқарды. Михал Билек баптайтын Чехия құрамасы Еуро-2012 додасының ширек финалында Португалияға есе жіберді. Қазақстан құрамасы алда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеуде Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино құрамаларымен бір топта ойнайды.

Сәйкес жаңалықтар

«АУЫЛЫН ӘЛЕМГЕ ТАНЫТАДЫ»: ТАСТӨБЕДЕ КҮРЕС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

bairakkz

Солтүстік Аралға су жіберу жұмыстары басталды

bairakkz

Ақтөбеден шыққан Олимпиада чемпионын неге ұмытып жүрміз?

bairakkz

Пікір жазу