Аустралияның Сидней мен Перт қалаларында өтіп жатқан United Cup теннис турнирінде қазақстандық Александр Шевченко Грекия құрамасына қарсы болған матчта сенсация жасады, деп хабарлайды bairak.kz.
Әлемдік рейтингте 78-орында тұрған Шевченко 11-орында тұрған Стефан Циципаспен кездесіп, 6:4, 7:6 (7:0) есебімен жеңіске жетті.
Теннисшілер кортта 1 сағат 52 минут өткізді. Шевченко екі сетте екі эйс және 3 дабл-фол жасаса, оның қарсыласы 7 эйс және 4 қателікке жол берді.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы C тобында өнер көрсетіп жатыр және бірінші матчта Испанияны 2:1 есебімен жеңген болатын. Біздің команда құрамында Шевченкодан бөлек Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Дмитрий Попко және Александр Недовесов бар.
Фото: ҚТФ