Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореядағы турнирде алты жүлде жеңіп алды

Санджу қаласында (Оңтүстік Корея) күрес түрлерінен өткен Korea Open халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста алты медаль жеңіп алды.

Olympic.kz мәліметінше, Эльмира Сыздықова жарысты алтынмен аяқтады. Ол 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Грек-рим күресінде Айбек Айтбеков (60 келі) пен Диас Сейітқалиев (77 келі) финалға дейін жеткенімен, шешуші белдесулерде жеңіліс тапты. Нәижесінде күміс медаль иеленді.

Үшінші орынды Мақсат Сайлау, Темірлан Тұрдақын (екеуі де 87 келі салмақта), және Нұрасыл Аманәлі (97 келі) иеленді.

Сәйкес жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

bairakkz

ҚТЖ-да өтірік жұмыспен қамтылғандар 21 млн теңге шығын келтіргені анықталды

bairakkz

Қазақстан мен Еуроодақ стратегиялық диалогты тереңдетуге ниетті

bairakkz