Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстандық IT-саладағы қызметкерлер саны 2024 жылы 12%-ға өсті

Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында IT-саланы дамыту мәселесі қаралды. Бұл тақырыпта цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады.

Ол ақпараттық технологиялар саласы қарқынды өсуді жалғастыруда деп хабарлады.

Мысалы, 2024 жылы IT-компаниялардың саны 16%-ға өсіп, 18 683-ке жетті, бұл саладағы жұмыспен қамту деңгейіне оң әсер етті.

Бүгінгі таңда салада 187 мың адам жұмыс орындарымен қамтылған.

Ал орташа жалақы 673 мың теңгені құрайды.

Қазақстанда IT-саланы дамытуда 2018 жылы құрылған «Astana Hub» маңызды рөл атқарады. Оның жетістіктерін өз алаңында 1,5 мыңнан астам компанияны біріктіре алғаны куәландырады. Олардың үштен біріне жуығы шетелдік. Ал технопарк қатысушылары ұсынған шешімдер 1,2 трлн теңгеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Соңғы бес жылда 31 есе өсті.

Биылғы үш тоқсандағы экспорттық түсім 143 млрд теңгеге жетті. Төрт жыл ішіндегі жылдық өсім 10 еседен астам. «Astana Hub» оң динамиканы көрсете отырып, өңірдегі жетекші технопарк ретіндегі өз позициясын нығайтуда.

Сәйкес жаңалықтар

С чувством патриотизма!

bairakkz

ЖЕТІСУДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК

bairakkz

АЛТЫН ЖАУҒАН АЙ БОЛДЫ

bairakkz