Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстандық жасөспірімдер Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шпагамен семсерлесуден Бахрейннің Манама қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды bairak.kz.

Командалық жарыста Қазақстан атынан Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабиден Мұстафин және Кирилл Проходов қатысты.

Ширек финалда біздің семсерлесушілер Сауд Арабиясынан 45:36 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда қазақстандықтар Қытай құрамасын 45:25 есебімен ойсырата жеңді.

Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасы Франциямен кездесті. Семсерлесу барысында ұлттық құрама есе жіберіп жатса да, керемет камбэк жасап, 44:43 есебімен жеңіске жетті.

Қыздар құрамасы төртінші орынға ие болды. Ұлттық құрама сапында Каролина Фомина, Кристина Красикова, Наталья Зинякова және Арина Яковлева өнер көрсетті.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Қанат Ислам — жыл спортшысы

Ришат

Мемлекет басшысы Әлия Юсупованы қабылдады

bairakkz

Қазақстан Бокс Федерациясы Кубогының жартылай финалистері анықталды

Ришат