Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстан Бокс Федерациясы Кубогының жартылай финалистері анықталды

Қазақстан бокс федерациясының Кубогының жартылай финалында Алматы, ОҚО, Маңғыстау облыстары мен Астана қалалары кездеседі. Аталмаыш бокс бәсекесі 2 желтоқсан күні өтеді.

Бокстан Қазақстан бокс федерациясы Кубогының ширек финалдық кездесулері өз мәресіне жетті.

А тобында Алматы облысының боксшылары 6-4 есебімен Қарағанды спортшыларынан басым түссе, келесі кездесуінде Қызылорда былғары қолғап  шеберлерін дәл осындай есеппен ұтты. Алматы облысының сапында: Еламан Хамитов, Роман Щегринов, Андрей Лейхнер, Бекболат Кұрамысов, Али Ахмедов, Айбол Жамбырбай және Али Балоев секілді тәжірибелі боксшылар бар.

В тобында тек екі команда ширек финалдық бәсекеде кездесті. Шығыс және Батыс Қазақстан құрамалары Кубок бәсекесіне қатысудан бас тартқан болатын. Құрамында Ильясом Сүлейменов, Садриддин Ахмедов, АзатМахметов  сынды ұлттық құрама боксшылары бар Астана құрамасы Жамбыл облысы спортшыларын жеңіп, 1/8 финалға өтті.

Павлодар қаласында С тобындағы боксшылар өзара кім мықтыны анытады. Оңтүстік Қазақстан облысының күрзі жұдырықты боксшылары алдымен Ақмола құрамасын 8-2 есебімен жеңді. Жартылай финалдың жеребесін алаң иелерімен сарапқа салып, 7-3 есебімен басым түсті.  ОҚО сапында: Шалқар Айхымбай, Олжас Байниязов, Сәкен Бибосынов, Зәкір Сафиуллин, Алмасбек Әлібеков, Бекдаулет Ибрагимов және  Бекзод Халмедов сыңды боксшылар өнер көрсетеді.

Ақтау қаласында Д тобының былғары қолғап шеберлері жартылай финал жолдамасын сарапқа салды. Алаң иелері Маңғыстау құрамасы алматылықтарды 7-3 есебімен жеңсе, Атырау құрамасын 9-1 мен ойсырата жеңді.

Сәйкес жаңалықтар

ШИРЕК ФИНАЛ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ

bairakkz

ХОККЕЙДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ 2018 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ ӨТУІ МҮМКІН

Ришат

Бүгін ел тарихында елеулі күн!

bairakkz

Пікір жазу