Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстандықтар 15,8 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған

Қазақстандықтар 2024 жылы VIP-нөмірлерге 15,8 млрд теңге жұмсаған, деп хабарлайды bairak.kz.

2024 жылы Қазақстанда 31 667 VIP-нөмір рәсімделген.

Ең арзан VIP-нөмірлер (010, 020, 030, т.б.) 57 АЕК (210 330 теңге) тұрса, ең қымбаттары (001, 002, 777) 285 АЕК (1 051 650 теңге) бағаланған.

Қазақстандықтар 2024 жылы VIP-нөмірлерге 15,8 миллиард теңге жұмсаған. Алматы, Астана және Шымкент тұрғындары бұл нөмірлерге ең көп қаражат бөлген. Алматыда 4,9 млрд теңге, Астанада 2,5 млрд теңге, ал Шымкентте 2 млрд теңге жұмсалған.

VIP-нөмірлерді арнайы ХҚКО немесе e-Gov порталы арқылы рәсімдеуге болады. Мұндай нөмірлер басқа адамға берілмейді, тек мұрагерлікке немесе жақын туыстарға қалдыруға рұқсат етілген.

Фото: kolesa.kz

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда ипотекалық несие көлемі өсуде

bairakkz

Тоқаев Желдібайды жаңа қызметке тағайындады

bairakkz

Балжан Бидаш Балиде Өктем Алтайдың ұлымен бірге жүр

bairakkz