Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Кенесары ханның өлімі үшін қазақтардан кешірім сұраған әнші қамалды

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті әнші Қайрат Примбердиевті қамауға алды. Әнші бұған дейін сұхбаттарының бірінде қазақ халқынан Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған, деп хабарлайды Bairak.kz

24.kg мәліметінше, ол ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдеме жасағаны үшін қамауға алынған. Сондай-ақ ведомство әншінің елден шығуына тыйым салды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қырғызстан заңнамасына сәйкес, ұлтаралық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін қырғызстандық әнші Қайрат Примбердиев қазақ халқынан Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған болатын. Қазақстандық БАҚ-қа берген сұхбатында ол тарихи оқиғаларға қатысты пікір білдіріп, өткенге өкініш білдірген. Әнші қырғыз ханы Ормон ханның Кенесары Қасымовтың басын алуға мәжбүр болғанын айтып, қазақ халқынан кешірім сұраған:

Біздің Ормон хан Кенесары ханды өлтіруге мәжбүр болған. Мен бұл үшін қазақ халқынан кешірім сұрағым келеді. Бұл жағдай үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Қазір жылағым келіп тұр, расында. Біз Кенесары ханның басын қайтарып, Құран оқып, бұл ренішті лайықты түрде ұмытуымыз керек, – деген еді әнші.

Сәйкес жаңалықтар

Америкалықтар 20 жыл бұрын асырап алған бес қазақ қызы елге келді

bairakkz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало брифинг өткізді

bairakkz

«Сушидан уланып қайтыс болды». Рамазан Амантайдың әйелі мәлімдеме жасады

bairakkz