Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Көшербаев вице-премьер болды

Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Көшербаев ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды  Bairak.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген Ақорда таратқан мәліметте.

Бұған дейін Көшербаев ШҚО әкімі қызметін атқарып келді. Ал премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарып келген Тамара Дүйсенова президент көмекшісі болып тағайындалды.

Ермек Көшербаев 1965 жылғы 2 мамырда Алматы қаласында туған.

C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-04.1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады, дипломат.

Фото: primeminister.kz

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Сербия президентіне Алматының әйгілі апортын сыйға тартты

bairakkz

Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

bairakkz

Санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді

bairakkz