Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ФРАНЦИЯ МЕН ДАНИЯ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

             ӘЧ-2018. Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының «С» тобындағы алғашқы ойында Франция құрамасы Аустралияны 2:1 есебімен ұтты. Ойынның бірінші таймында командалар тең тарқасты. Екінші таймның 55 минутында Антуан Гризманн 11 метрлік пенальтиді сәтті орындап, құрамасын алға шығарды.  Ал, 62 минутта Умтити өз алаңында қолмен ойнап, Франция құрамасы қақпасына пенальти белгіленді.  Йединак таразы басын теңестірді. 81 минутта Поль Погба франциялықтарға жеңіс сыйлады.

Ал осы топтың екінші кездесуінде Дания құрамасы Перуді 1:0 есебімен ұтты. 59 минутта Кристиан Эриксеннің пасын тиімді пайдаланған Юссуф Поульсен Данияға жеңіс сыйлады.

Сәйкес жаңалықтар

Бауыр

Ришат

Әр адамның дауысы маңызды

bairakkz

ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

bairakkz

Пікір жазу