Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде Қайрат Нұртаспен кездескен сәтін көрсетіп, елді сүйсінтті. Оқырмандар қос жұлдыздың өзара сыйластығына тәнті болған, деп хабарлайды bairak.kz.
Мақпал Жүнісова өнердегі інісі Қайрат Нұртас екеуінің видеосын Instаgram-дағы парақшасында жариялаған. Өнер иелері әуежайда кездейсоқ кездесіп қалған. Жүнісова Қайрат Нұртасты көргеніне аса қуанышты екенін айтты. Хитмен әнші де өнердегі әпкесіне асқан сыйластығын танытты. Ол эстрада жұлдызын құшақтап, бетінен сүйді.
«Құрметті халайық, Қайратжанмен әуежайда кездесіп қалып, мәз болып отырмын. Сағынып қалыппын өзіңді, аман болшы. Қайратжан екеумізден баршаңызға жалынды сәлем», — деді Мақпал Жүнісова.