Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Шоу-бизнес

Меруерт Түсіпбаева 10 жастағы ұлына көлік сыйлаған Мәдина Сәдуақасованы сынап тастады

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева 10 жастағы ұлына көлік әперген Мәдина Сәдуақасованы сынап тастады, деп хабарлайды bairak.kz.

Әнші Мәдина Сәдуақасова ұлының туған күніне су жаңа көлік сыйлап, әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялаған. Меруерт Түсіпбаева әріптесінің бұл әрекеті ақылға сыймайтынын айтып, сынап жатыр.

Мен 20 жастағы ұлыма қымбат көлік сыйлаған кезімде ол екі ай бойы ұялып, көлікті топтастары «көрмесін» деп университеттің ауласына кірмей, көлігін тығып жүріпті. Көлікті бір көше аулақ қойып, «мама, әлеуметтік желіге салмашы» дегенде мен қатты қуандым! Шүкір дедім! Халқым аурушаң балапандарын емдей алмай, қол жайып отырғанда, Мәдинаның мына тірлігі ұят. Асыра сілтеу. Мақтану. Әріптесім үшін ұялып отырмын. Плебейшілдік. Сөзім жоқ, — деп жазған ол.

Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.

https://malim.kz/article/show-business/meruert-tusipbaeva-10-zastagy-ulyna-kolik-syilagan-madina-saduaqasovany-synap-tastady-23138

Сәйкес жаңалықтар

Шығыс Қазақстан көпірдің ашылуына 13 жыл бұрынғы әнін айтқан әншіні не үшін шақырған?

bairakkz

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет қайта қосылды

bairakkz

«Түсінгенімен қазақша сөйлегісі келмейді»: Бүркіт әйелі Аиша туралы айтты

bairakkz