Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Мессидің алғашқы голы

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездескен «Челси» мен «Барселонаның» алғашқы ойыны 1:1 есебімен аяқталды. Кездесу тартысты өтті. Алғашқы таймда «пенсионерлердің» ойыншысы Виллианның екі соққысы қақпа бағанынан қайтты. Ойынның екінші бөлігінде Виллиан өз мүмкіндігін қалт жібермеді. Каталондықтар сапынан Лео Месси көзге түсті. Бұл Мессидің спорт мансабындағы «таксисттерге» соққан алғашқы голы.

«Бавария» өз алаңында «Бешикташты» 5:0 есебімен тас-талқан етті. Ойынның 16 минутында Домагой Вида қызыл қағаз алып, түріктерді қиын жағдайға қалдырды. Осыны сәтті пайдаланған Томас Мюллер мен Роберт Левандовский дубль жасады. Сонымен қатар Кингсли Коман мергендігімен танылды.

Сәйкес жаңалықтар

Путинцева Ролан Гаррос турнирының үшінші кезеңіне шықты

Ришат

Ауызбірлігі жарасқан Қарабөгет ауылының абысындары таңдау жасады

bairakkz

ҚАРАША МЕН ЖЕЛТОҚСАНДА ҚАНДАЙ ЖАРЫСТАР БАР?

bairakkz

Пікір жазу