Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Михаил Шайдоров әлем чемпионатында үшінші орында тұр

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетті.

Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы өз бағдарламасы үшін 94,77 ұпай жинап, аралық үшінші орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламаны бірінші болып америкалық Илья Малинин (110,41 ұпай) аяқтады.

Екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (107,09 ұпай) жайғасты.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 30 наурызға қараған түні өтеді.

Фото: ҰОК

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандықтар 15,8 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған

bairakkz

Қазақстан футбол федерациясының президенті сайланды

bairakkz

АҚШ-та тарихтағы ең үлкен зымыран ұшырылды

bairakkz