Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Neo Nomad Visa-ны қалай алуға болады

Neo Nomad Visa шетелдік туристерге Қазақстанда бір жылға дейін тұруға және өздерінің шетелдегі компанияларында қашықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жаңа В12-1 визасын алу үшін Қазақстанның шетелдегі елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгіну қажет.

Қазақстанда саяхаттап жүріп, жұмысын жалғастырғысы келетін шетелдіктер Neo Nomad Visa-ға өтініш бере алады. Ол үшін жақын маңда орналасқан Қазақстанның шетелдегі мекемесіне бірнеше құжатты ұсыну қажет:

  • Кейінгі 6 айдағы банк шотынан үзінді көшірме, ай сайынғы табысы 3 000 АҚШ долларынан жоғары екенін растайтын құжат;
  • Азаматтығы бар елдің уәкілетті органы берген салық декларациясы;
  • Азаматтығы немесе тұрақты мекенжайы бар елдің органы берген сотталмағаны туралы анықтама;
  • Визаның қолданылу мерзіміне дейін жарамды медициналық сақтандыру;
  •  Қазақстандағы туристік компаниялардан шақыру (48 елдің азаматы үшін талап етілмейді).

Neo Nomad Visa-ны рәсімдеу 5 жұмыс күнінен аспайды. Виза бір жылға дейінгі мерзімге беріледі және оны ұзарту қарастырылған. Негізгі өтініш берушінің отбасы мүшелері де виза ала алады.

Neo Nomad Visa арқылы Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылмағанын атап өткен жөн.Салық кодексінің 216-бабына сәйкес Neo Nomad Visa иесінің Қазақстанда салық төлеу бойынша міндеттемелері жоқ, өйткені оның табыс көзі елден тыс жерде орналасқан.

Сәйкес жаңалықтар

ЕУРО-2018. ҚОЛАДАН ҚОЛ ҮЗДІК

bairakkz

Зияны көп жұмыс істеген 11 814 азаматқа арнаулы төлем тағайындалды

bairakkz

«Тікелей қиянат жасады». Амалбек Тшанов бас жаттықтырушыға қатысты ойын айтты

bairakkz