Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері, елге танымал балуан Нұрбақыт ТЕҢІЗБАЕВ Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында жазды.
Бүгін өңір басшысы Амандық Баталов таңертеңгілік өткен аппарат жиынында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Бұл қызметке Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері тағайындалды. Нұрбақыт Теңізбаев осыған дейін Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры қызметін атқарған. Ел абыройын асырған Грек-рим күресінің халықаралық санаттағы спорт шебері Стамбұлда, Иранда, Уханьда, Бейжіңде өткен белдесулерде жүлделі орындар алған. 2008 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. Үйленген. Үш баласы бар. Талдықорған қаласының Құрметті азаматы.