Актер Нұрсұлтан Жақсыген әйелінің аяғына жығылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды bairak.kz.
Өнер иесі Астанада екі баласын алып, көшіп кеткен экс жұбайын іздеп барғанын айтты.
“Менің тарапымнан қадам жасалды. Ер-азаматтық міндетімді орындадым деп айта аламын. Алдына барып, кешірім сұрап, ағаттық жасағанымды мойындадым. Отбасымды сақтау үшін қаншама рет тырысып, қолымнан келгенін жасадым. Фариза өзі таңдау жасады. Қосылғысы келмеді. Барынша айырылғым келмеді. Бірақ шешім қабылдау әркімнің өз еркінде. Оны қинап ұстап тұра алмаймын. Сіздерге айтарым, көп мүмкіндік болса, бірін жіберіп алмаңыздар! Мен қазір барып, аяғына жығылмаймын. Қосылмаса, қосылмай-ақ қойсын. Мен де әрі қарай өмірімді сүремін”, – деді актер.