Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қаражат жымқырылған

Көкшетау қаласының прокуратурасы «Artsport» және «DamuBala» бағдарламалары аясында балаларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт секцияларына бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемаларын анықтады, деп хабарлайды bairak.kz.

Атап айтқанда, Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік тапсырыстарды жеткізушілердің бірі секцияларға мүлдем қатыспаған балаларға орындалған жұмыстардың актілерін ұсынды.

Осыған орай, қала прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

ҚМА Эльмира Төлегенованың сотта айтқан мәлімдемесіне түсініктеме берді

bairakkz

Майқайың кентінде үйден екі адамның мәйіті табылды

bairakkz

Жаңа Конституцияны сынаған Оразалы Ержанов екі айға қамалды

bairakkz