Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

«ОЛИМПИАДА — 2020»: БІР ҒАНА МЕКТЕП БЕС ЖОЛДАМА ИЕЛЕНДІ

             Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Талдықорғандағы  “Жоғарғы спорт шеберлігі” мектебіне жылдың үздік спорт ұйымы номинациясын табыстаған еді. Осыған орай Журналистер үйінде брифинг өтті.

Шарада жеңімпаз мектептің директоры Нұркен Нұратов:

Еліміздегі мыңға жуық спорт мекемелері арасынан жыл үздігі атану – біз үшін үлкен мәртебе. Комиссия мүшелері байқау жеңімпазын спорт мекемелерінің Олимпиадаға алған жолдамасына, еуропа, азия, әлем чемпионаттарындағы жетістіктеріне, спортшылардың ұлттық құрамаға кіруіне, спортшылар мен бапкерлерге санаттар беруі мен әлеуметтік желіні жүргізудегі белсенділігіне қарап анықтады. Осы уақытқа дейін облысымызда мұндай марапат болмаған. Мұның барлығы бірігіп атқарған жұмысымыздың нәтижесі, – дей келе мектептің былтырғы жетістіктерін баяндады.

2019 оқу жылында үздік мектептің 1 спортшысы «ҚР еңбек сіңірген спорт шебері», 4 спортшысы «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 18 спортшысы «ҚР спорт шебері» спорттық атағын алды. Ал, ел құрама командасына 156 спортшы кірген. Оның ішінде негізгі құрамда 120 спортшы, жастар мен жасөспірімдер құрамында 36 спортшы бар. Сонымен қатар, XXXII Олимпиада ойындарына 5 жолдаманы қанжығасына байлады. Атап айтсақ, садақ атудан Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганкин, Сұлтан Дүзелбаев және грек-рим күресінен Асхат Ділмұхамедов төрткүл дүние көз тіккен байрақты бәсекеде ел намысын қорғайды. Жиын барысында Нұркен Қанатұлы әлі де 5-6 жолдама жеңіп алуға үмітті екендігін айтып, ауыр атлетикадан Зульфия Чиншанло, Игорь Сон, бокстан Баян Ақбаева сияқты оғландардың дүбірлі додаға жолдама алатынына сенім білдірді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Сәйкес жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚАЗАҚ БАПКЕРІ. ОКТЯБРЬ ЖАРЫЛҒАПОВ

Ришат

Головкин Коттоға қарсылас атануы мүмкін

Ришат

Футзалдан Қазақстан қыздар құрамасы (U17) 2018 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу турниріндегі соңғы матчын ойнады

Ришат