Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Оңтүстік Корея президенті халықтан кешірім сұрады

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл қоғамда наразылық тудырған әскери жағдай енгізілгені үшін ел халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды bairak.kz.

Президент бұл қадамға бару оңай болмағанын айтып, азаматтар алдында жауапкершілігін мойындады.

«Екінші рет әскери жағдай енгізілмейтінін уәде етемін. Бұл шешім азаматтарға алаңдаушылық пен қолайсыздық тудырғанын түсінемін және оған өкінемін», — деді ол өз сөзінде.

Юн Сок Ёль мұндай шешім қабылдауға шарасыздықтан барғанын атап өтті. Ол саяси және құқықтық жауапкершіліктен қашпайтынын айтып, өз партиясына елдегі саяси жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды тапсырды.

«Президенттік мерзім кезінде жағдайды тұрақтандыруға бар күшімді саламын және болашақта мұндай жағдай қайталанбайтынына сенемін»,  — деді ол.

Сәйкес жаңалықтар

Хорватия көш бастады

bairakkz

АЙДЫНДЫ АЛАКӨЛДІҢ ЖАҒАСЫНДА

bairakkz

Мектептер үшін бірыңғай тамақ стандарты қабылданады

bairakkz