Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльді тұтқындауға тергеушілер келді

Оңтүстік Кореяның тергеушілері 3 қаңтарда ел президенті Юн Сок Ёльді тұтқындау үшін Сеулдегі оның резиденциясына келді. Бұл туралы Yonhap жазды, деп хабарлайды bairak.kz.

Оңтүстік Кореяның жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің қылмыстық істер бойынша тергеу қызметі (CIO) мен полиция қызметкерлері Юнның резиденциясына жергілікті уақытпен 7:20 шамасында келген. Сағат 8:00 шамасында 50 адамнан тұратын тергеу тобы резиденцияның ауласына кіргенімен, оларды әскер тоқтатқан. Одан соң тергеушілер екі әскери қорғаныстан өтсе де оларды Юнның күзеті қайта кедергі жасап жібермей тұр.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, полиция президент резиденциясының айналасында тәртіпті сақтауға 45 арнайы күштер бөлімшесі мен 2,7 мың қызметкерді жұмылдырған. Резиденцияның маңында Юнның 1,2 мыңға жуық жақтасы жиналып, «президентті қорғауды» және «импичментті жоюды» талап еткен.

Сеулдің Батыс аудандық соты 31 желтоқсанда CIO-ға Юн Сок Ёльді тұтқындауға ордер берген еді. Ел президентін үш рет тергеуге шақырып, келмегеннен кейін ұстауға ордер беріліп отыр. Юнға бүлік шығару және билікті асыра пайдалану сияқты айыптар тағылған.

Оңтүстік Корея тарихында алғаш рет қызметтегі президентке тұтқындау ордері шығарылып отыр. Сондай-ақ, тергеу органдары тінту жүргізуге де ордер алған.

Фото: Kim Hong-Ji/REUTERS

Сәйкес жаңалықтар

БАСТАЛМАЙ ЖАТЫП СҮРІНДІК

bairakkz

Қазақ спортшылары Бахрейннен олжалы қайтты

Ришат

Қазақ ұлттық университеті биыл толағай табыстарға қол жеткізді

bairakkz