Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢА ӨМІР». Жетісу облысында перзентханада дауыс берілді

Еліміздің болашағы айқындалар тұста құтты құрсағынан сәби өргізген ана өз таңдауын жасады. Көксулық ана қуанышты күні өмірге сәби алып келіп әрі сайлаудан да қалыс қалмады.
Көксу аудандық перзентханасында жатқан Ажар Ердембекова елімізге тағы бір бүлдіршін сыйлады. Жарық дүние есігін ашқан періштесіне мейірлене отырып саяи науқанда өз таңдауын жасаған ол:
«Әр перзент – ұлт болашағы. Кемел елдің келешегі жарқын, сүрдек-сүрлеуі ұлы даңғылға айналсын десек, оның астарында да ұрпақтың қамы жатыр емес пе?! Сондықтан да баламды бауырыма алмай жатып, сайлаудан қалыс қалғым келген жоқ. Халық азаматтарының, абыройлы да арлы адамдардың ел ісіне араласып, саяи додада жеңіп шығуына бір адамдай атсалысқым келді», – дейді өмірге шекесі торсықтай ұл алып келген ана.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыдағы қайғылы жол апаты: Әл-Фараби даңғылындағы «жарысқа» полицияның қатысы бар ма?

bairakkz

Михаил Шайдаров Денис Теннің турнирінде топ жарды

bairakkz

ПСЖ әлемнің ең қымбат футболшыларын алмастыратын ойыншылар таңдап қойды

bairakkz