Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

Қазақстанның кемел келешегі, өскелең ұрпақтың баянды болашағы үшін Ауған соғысының ардагерлері Үштөбе қаласындағы №137 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.

Сайлауға келген Қаратал ауданы бойынша Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Болат Бейсенбаев

 — Бүгін біз Ауған соғысы ардагерлері өскелең ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен сайлауға толық жиналдық. Себебі бұл біз үшін аса маңызды күн. Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердік, — деді майдангер.

Қоғамдық іс-шаралардан шет қалмайтын ардагерлер бүгінгі сайлау Қазақстан дамуына үлкен өзгерістер әкелетініне сенімді.

Сәйкес жаңалықтар

Канелоны «сабаған» қолғап Алматыда аукционға қойылмақ

bairakkz

Қазақстанда 57 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

Ришат

ЖАУЫНГЕРЛЕР ДОП ТЕПТІ

bairakkz

Пікір жазу