Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Ризабек Айтмұхан Алматыда Олимпиада чемпионына жол берді

ҚР ҰОК

Алматыда күрестен PWL-8 турнирі өтті, деп хабарлайды bairak.kz.

Турнирдің шешуші белдесуінде қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан мен АҚШ-тың Олимпиада чемпионы Кайл Снайдер кездескен болатын.

Спортшылар 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, Снайдер 8:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, америкалық балуан бұл турнир аясында екі жекпе-жек өткізді. Бұған дейін ол ресейлік Константин Пшеничниковті жеңген болатын.

Сонымен қатар бүгін 76 келіге дейінгі салмақта Жәмиля Бақбергенова мен 86 келіде Азамат Дәулетбеков те боз кілемге шықты.

Жәмиля қырғызстандық Айпери Медетқызына жол берсе, Дәулетбеков беларусьтік Магомедхабиб Кадимагомедовті жеңді.

Сәйкес жаңалықтар

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына кандидаттар тізімін жариялады

bairakkz

Интернеттегі жалған ақпаратпен күресу – әрадамның жауапкершілігі

bairakkz

Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады

bairakkz