Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Үкімет басшысы министрлер мен әкімдерге есеп пен презентацияны доғаруды тапсырды

Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұлттық компаниялар басшыларының артық есеп беруі мен презентация жасауын тоқтатуды тапсырды.

Үкімет басшысының айтуынша, Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген бағдарламалық сұхбаты алдағы кезеңдегі Үкіметтің нақты мақсат-міндеттерін айқындап берді.

Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар бұл міндеттерді іске асыру үшін нақты нәтижеге жұмыс істеуі керек. Сөзден іске көшіңіздер. Әр мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын үнемдеп, нақты нәтиже көрсетіңіздер. Ал есеп беру мен презентация жасауды доғарыңыздар. Нәтиже болмаса, оның бәрі бос әңгіме. Жұмыс істей алмасаңыздар, ашық айтыңыздар — шешім қабылдаймыз, — деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Премьер-министр орынбасарларына Президент тапсырмаларының орындалуын өз бағыттары бойынша үйлестіруді жүктеді.

Сәйкес жаңалықтар

Ербол Мырзабосынов QJ League жобасының басшылығымен балалар футболын дамыту мәселесін талқылады

bairakkz

Қазақстанда Абай есімді 10 әйел бар

bairakkz

Елордада «Тәуелсіздік – тәтті әнім» мерекелік концерті өтті

bairakkz