Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Жұлдыздар мен блогерлер жаппай жарнамалаған «Апамның шайынан» қауіпті қоспалар анықталды

Скриншот

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысымен оннан астам қара шай түрінің ел аумағында таралуы мен сатылуына толық тыйым салынды.

Тыйым салуға аталған шайлардың құрамынан адам ағзасына аса қауіпті E110, E102 және E124 бояғыштарының анықталуы себеп болды. Атап айтқанда, E110 шайға күн батар шақтағыдай сарғыш рең берсе, E102 (тартразин) шайдың түсін қызғылт-сары түске бояп, сыртқы көрінісін «тартымды» етеді. Ал E124 бояғышы шайдың қызыл реңін күшейтеді. Бұл қоспа әсіресе демікпесі (астмасы) бар адамдар үшін қауіпті – аллергиялық реакция тудырып, тыныстың тарылуына әкелуі мүмкін.

Екі зертхананың қорытындысы негізінде адам денсаулығына зиянды қоспаларды пайдаланғаны үшін төмендегі шай өнімдерінің сатылуына тыйым салынды:

  • «Апамның шәйі Premium Gold», «Al-Hayat Gold», «БАЛҚИЯ Premium Gold» – өндіруші: «Orda Trade Astana» ЖШС (Алматы облысы);

  • «Sultan Suleyman», «Pakistan Tea» – өндіруші: «Real Trade Astana» ЖШС (Астана қаласы);

  • «БАЛҚИЯ Premium Gold» – өндіруші: «Аль-Хадия» ЖК (Алматы қаласы);

  • «Aje Onim» – өндіруші: «Орда Чай» ЖК (Алматы қаласы), «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша;

  • «Al-Hayat Gold» – өндіруші: «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);

  • «Al-Jannat Premium» – өндіруші: «Ferdaus» ЖК (Алматы қаласы);

  • «Alfarah» – өндірушісі қаптамада көрсетілмеген.

Айта кетейік, аталған шай өнімдерінің басым бөлігін Қазақстанда миллиондаған жазылушысы бар блогерлер, әншілер мен әртістер кеңінен жарнамалаған. Тіпті, өнер жұлдыздарының арасында өз есімімен шай өнімін шығаратындар да бар.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісу облысының сайлаудағы бейнесі

bairakkz

Кенесары ханның өлімі үшін қазақтардан кешірім сұраған әнші қамалды

bairakkz

Сәкен Мамаш 6 жылға сотталды

bairakkz