Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстанда Халық банктің цифрлық қызметтері уақытша істемей тұр

digitalbusiness.kz

Халық банктің баспасөз қызметі Halyk SuperApp қосымшасында және басқа цифрлық сервистерде техникалық ақаулар орын алып отырғанын хабарлады.

Басылым мәліметінше, интернет-қызметтерге қолжетімділіктің уақытша шектелуіне байланысты сервистерге түскен сұраныстар кейінге шегерілуі мүмкін. Банк мамандары жүйелердің тұрақты және толыққанды жұмысын қалпына келтіру үшін жұмыстар жүргізіп жатыр.

Ақаудың нақты қашан жойылатыны белгісіз. Банк қолжетімділікті тез арада қалпына келтіру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.

— Клиенттер мен серіктестерімізге түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіреміз, — делінген ресми хабарламада.

Сәйкес жаңалықтар

«Сан соқтырып, сатып кетті»: Наркенже Серікбаева жазбасымен жұртты алаңдатты

bairakkz

Көйлектерімді өртеп жіберемін – Мәдина Сәдуақасова

bairakkz

Военнослужащий-герой из Талдыкоргана отдал свой голос на выборах

bairakkz