«Астана» футболшылары Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі төртінші айналымда чехиялық «Яблонец» командасын 2:1 есебімен жеңді.
«Астана Аренада» өткен ойында алаң иелері салған жерден шабуылға шығып басымдықты өз иелігінде ұстады. Сөйтіп ойынның 18-ші минутында бразилиялық жартылайқорғаушы Педро Энрике есеп ашты. Бірақ чехиялық клуб босаңсымады. Есепті теңестіру үшін барын салды. Жүйелі шабуылдарының нәтижесінде есепті теңестірді. Әйтсе де «Астана» екінші таймда есепті еселеді. Елордалық команданың қорғаушысы Евгений Постников екінші таймның 88-ші минутында гол соғып, жеңісті жұлып әкетті. Осы жеңістен кейін, «Астана» өз тобында көш бастап тұр. Одан кейін киевтік «Динамо», француздық «Ренн» және чехиялық «Яблонец». Еуропа лигасының бесінші кезеңінде «Астана» өз алаңында киевтік «Динамоны» қабылдайды.