Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева әлемдегі танымал «Үлкен дулыға» санатына енетін Франция ашық біріншілігінің (Ролан Гаррос) үшінші кезеңіне шықты, -деп хабарлайды alzhan.kz сайты.
Отандасымыз екінші кезеңде швед спортшысы Юханна Ларссоннан басым түсті. 2 сағат 15 минутқа созылған ойында Путинцева 2:1 есебімен айласын асырды. Бірінші сетте 6:3 нәтижесімен жеңсе, екінші сетте 6:1 есебімен қарсыласына жол берді. Үшінші сетте 6:3 есебімен жеңісті жолын жалғастырды.
Юлия Путинцева үшінші кезеңде испаниялық Гарбинье Мугуруса мен Анетт Контавейт арасындағы ойын жеңімпазымен кездеседі.